×

Қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалады

Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы үшін

Қазақстандықтар 2025 жылы қанша күн демалады
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде қатарынан бірнеше күн демалыс күтіп тұр. Қаңтардың бірінші аптасында бес күннің тек біреуі ғана жұмыс күні болса, ал наурызда қатарынан бес күн демалыс беріледі, деп Qaz365.kz.

Алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 2025 жылғы демалыс күндері келесідей күтіледі:

- Қаңтарда Жаңа жылға төрт күн демаламыз – 1, 2, 3 және 4 қаңтар, 5 қаңтар жұмыс күні;

- Рождество – 2025 жылғы 7 қаңтар сейсенбіге келеді, демек қосымша демалыс күні болады;

- 2025 жылғы 8 наурыз ("Халықаралық әйелдер күні") сенбіге келеді, сондықтан 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс;

- Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді, сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс, жалпы демалыс бес күнге жалғасады;

- 2025 жылғы мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне – 1 мамыр (бейсенбі), Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сәрсенбі) және Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма). Ыңғайлы болу үшін демалыс және жұмыс күндерін ауыстыруы мүмкін;

- Маусым айында Құрбан айт 6 маусымға (жұма) түсіп тұр;

- Шілде айында Астана күні жексенбіге сәйкес келуіне байланысты үш күн қатарынан демалыс болады;

- 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Конституция күні – 30 тамыз (сенбі), сондықтан қосымша демалыс күні – 1 қыркүйекке (дүйсенбі) ауысады;

- 2025 жылдың қазан айында Республика күні демалыс күнге сәйкес келеді, сондықтан тағы бір қосымша демалыс болады;

- 2025 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік күні сейсенбіге сәйкес келеді, бұл қазақстандықтарға қосымша демалыс күнін сыйлайды;

Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке және демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма
Бүгін, 13:52

3 адамның өлімі: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полиция қызметкерлерінің қатысы бар ма

Марат Қожаев Германияда жол ережесін бұза беретіндерге «ақылсыздарға арналған» емтихан бар екенін атап өтті
Тұрғынның сөзінше, жедел ұйымдастырылған эвакуацияның арқасында жақындары аман-есен елге оралып, отбасымен қайта қауышқан
Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →