×

Мүгедектікті рәсімдеу құны 850 мың теңге: Шымкенттік бөлім басшысының былығы

Пара алуға қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбике көмектескен

Мүгедектікті рәсімдеу құны 850 мың теңге: Шымкенттік бөлім басшысының былығы
Сурет: Prazis Images/Shutterstock.com

Шымкентте шенеунік мүгедек балалардың ата-анасынан пара алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментінің бөлім басшысының міндетін атқарушы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

“Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр. Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмегі арқылы алынған”, – делінген агенттіктің хабарламасында.

Қазір қала прокуратурасы тарапынан айыпталушылар үстінен сотқа арыз жолданған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қыздардың аты неге шежіреде жоқ?»: «Жеті апа» авторы қоғамға не айтқысы келеді?
Бүгін, 12:30

«Қыздардың аты неге шежіреде жоқ?»: «Жеті апа» авторы қоғамға не айтқысы келеді?

Жарыққа шыққанына 2 жыл болған «Жеті апа» атты туындыны қоғам қайта талқылап жатыр
Барлығы 680 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр
Акцияға 2 800 адам қатысты, 41 бірлік техника тартылып, 101 тонна қоқыс шығарылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →