×

Аяздағы жылулық: Астана жастары қала тұрғындарына шай мен бауырсақ таратты

«Игі істер марафоны» акциясы аясында ұйымдастырылды 

Аяздағы жылулық: Астана жастары қала тұрғындарына шай мен бауырсақ таратты
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы

«Астана жастары» волонтерлері қала тұрғындары мен қонақтарына ыстық шай мен бауырсақ таратып, шаһар тұрғындарының алғысына бөленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Игі істер марафоны» акциясы аясында ұйымдастырылып отырған аталмыш шара қыстың суық күнінде тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Волонтерлер өтіп бара жатқан әр жүргіншіге ыстық шай мен бауырсақ ұсынды. Тұрғындар еріктілерге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Волонтерлер елордадағы ең үлкен сауда үйлерінің бірі «Астаналыққа» барды. Еріктілердің бірі Давид Шәріпов мұндай марафонға тек еріктілер емес, қарапайым тұрғындар да қосыла алатынын жеткізді. Оның айтуынша, әжелер мен зейнеткерлерге бір уақыт көңіл бөліп, батасын алу – игі шара.

«Тек шай мен бауырсақ таратып қана қоймай, мүмкіндік болса, жалғызбасты аналарға, мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық шаруаларына көмектесуге болады. Қыстың көзі қырауда бәріне көмек керек. Жер үйде тұратын кейбір жарлы азаматтардың қарды күрей алмай, үйінен шыға алмай қалатынын көргенбіз. Мұндайда біз оларға жылылық сыйлауымыз керек», - дейді ерікті Давид Шәріпов.

Астана тұрғындары еріктілердің қолынан шай ішіп, бауырсақтан ауыз тиіп, алғысын айтты.

«Бейтаныс адамдарға осылай қамқорлық танытып жатқан еріктілерге көп рақмет! Өте әдемі көрініс. Бұл жүрекке жылулық сыйлайды. Мейірімділік – ең ізгі қасиет. Осындай жастарымыз көп болсын», – дейді қала қонақтарының бірі Рахат Сейсенов.

Акция қарым-қатынасты, өзара көмек көрсетуді насихаттап, қоғамда бірлік пен достық рухын нығайтуға бағытталған. Әрбір қалаған адам шай ішіп, шынайы қамқорлық атмосферасын сезіндіреді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырамыз. Бірге жүректерге жылу сыйлап, қысқы күндерді мейірімдірек етейік!» -  дейді Мерей Қалел.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
Бүгін, 21:50

Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды

Паблик авторы 17 қаңтарда ұсталған
Бұрынғы сарбаздың басына ота сәтті жасалып, инфекциядан толық айыққан
Тағлымды шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды
Бұл арнаулы әлеуметтік төлем адам зейнетке шыққанда тоқтайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →