×

Сәтбаевтағы ереуіл: «Қазақмыс» кеншілері келісімге келді

250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді сұрады

Сәтбаевтағы ереуіл: «Қазақмыс» кеншілері келісімге келді
Фото: КазТАГ

 «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан еді. Бірнеше күннен кейін басшылықпен жұмысшылар келісімге келіп тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмыс беруші тарапынан жан-жақты түсіндіру мен келіссөз жүргізудің нәтижесінде 19 желтоқсан сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс қорыту зауытының штаттық режимдегі жұмысы қалпына келтірілді. Бұған дейін аты аталған кеніштер мен зауыт жұмысшылары әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын тоқтатқан болатын, – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы.

Компания екі күндік ереуіл өзара мәмілемен аяқталды. Жұмыс беруші мен жұмысшылар еңбек жағдайы бойынша ортақ келісімге келді деп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғанцветмет» Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан болатын.

250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Көп әйел алуға рұқсат!": Ресей мұсылмандарына пәтуа шықты
Бүгін, 10:09

"Көп әйел алуға рұқсат!": Ресей мұсылмандарына пәтуа шықты

Көп әйел алу үшін бірнеше шарт орындалуға тиіс
Осы жылдың соңына дейін біз барлық тергеу жұмыстары аяқталады
 Алаяқтық жасағандар сотталып, келтірілген шығын толығымен өндірілген
Мамандар "мектептегі тамақтандыруды" қала және өңірлік деңгейде талқыланғаны дұрыс деп есептейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →