Жиында алдағы төрт жылда еліміздің бас мүфтиі анықталды
Бүгін қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Х құрылтайы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жиында алдағы төрт жылда еліміздің бас мүфтиі анықталды. Бірауыздан Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти болып қайта сайланды.
Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылдан бері бас мүфти болып келе жатыр. Ол сол кезде Серікбай қажы Оразды алмастырған.
ӨТПЕНОВ НАУРЫЗБАЙ ТАҒАНҰЛЫ
1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.
Білімі
1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.
1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтын оқыған.
2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.
2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.