Көзімді ашып, қайда екенімді сұрағанымда, маған Ақтауда екенімді айтты
Ақтау маңында құлаған ұшақ апатынан тірі қалған бортсерік Айдан Рагимли Әзербайжандық бұқаралық ақпарат құралдарына оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол салонда оттегі балоны жарылғанын жоққа шығарады. 25 жастағы бортсерік Грозныйдың үстінде ұшақ екі соққыны анық сезгенін айтты. Осыдан кейін салонның ішінде оттегі маскалары салбырап түсе бастаған.
Бірінші соққыдан кейін оттегі маскалары ашылды, ал жолаушыларға көмектесуге тырысқанда, екінші соққыны естідік. Әріптесіммен бірге жағдайды тексере бастаған кезде екінші соққыны сездік. Сол кезде екінші бортсерік Зульфугар Асадов жарақат алды, - дейді Айдан Рагимли.
Ол оттегі цистернасы жарылса, ешкім аман қалмас еді деп отыр. Рагимли сонымен қатар әуе кемесінде оттегі баллоны жарылды деген нұсқаға өз пікірін білдірді.
Біз ұшақтың артқы бөлігіне барып, бортсеріктерге арналған орында отырдық және оттегі маскаларын тақтық. Әріптесіме алғашқы көмек көрсеттім. Біз аға бортсерікпен үнемі байланыста болдық. Сынықтар ұшаққа тиді. Оттегі цистернасының жарылуы туралы ақпарат дұрыс емес. Ондай болған жағдайда, біз тірі қалмас едік. Көзімді ашып, қайда екенімді сұрағанымда, маған Ақтауда екенімді айтты, - дейді бортсерік.
Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді.
Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бағыт алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты.