×

Маңғыстау халқы ұшақ апатынан тірі қалған үш қырғыз азаматын еліне шығарып салды

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Маңғыстау халқы ұшақ апатынан тірі қалған үш қырғыз азаматын еліне шығарып салды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

қтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат еліне жол тартты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат –Тилек Осмонов, Ерлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Ринат Асанов Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты. 

 Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты. Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты. 

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзербайжандық азамат ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы еліне оралды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады". Антикор жаңа былықты анықтады
Бүгін, 20:47

"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады". Антикор жаңа былықты анықтады

Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 55,1 млрд теңге сомаға тендерлер артық бағаланып, оларға тосқауыл қойылған
Бұның салдарынан жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген
Ол өнерпаздар отбасында дүниеге келген
 «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →