×

«Шешімді мен жалғыз қабылдамадым». 1 млрд жымқырды деген күдікпен ұсталған Мажағұлов мәлімдеме жасады

Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын тұрғызу кезінде шешімді Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары қабылдағаны анықталды деп отыр

«Шешімді мен жалғыз қабылдамадым». 1 млрд жымқырды деген күдікпен ұсталған Мажағұлов мәлімдеме жасады
Фото: primeminister.kz

Астана қаласының бұрынғы  Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот процесі басталып кеткен болатын. Ол жақында ақпарат құралдарында шыққан фактілердің жалған екенін айтып, мұның бәрі сот процесінің әділ өтуіне кедергі келтіретінін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында айтылмаған мен туралы ақпарат тарады. Бұл жарияланымдардың бәрі бірде-бір сот отырысына қатыспаған басылымдарда жарық көрді. Олар айыптау актісінің бірде-бір мәлімдемесі сот процесінде расталмағаннан кейін пайда болып отыр. Мұндай бұрмаланған ақпараттарды жариялау сотқа қысым жасау болып саналады. Сондай-ақ қоғамда негізсіз теріс пікір тудырады. Істің мән-жайын объективті қарау құқығын бұзады. 

Оның айтуынша, прокурордың таққан айыбы бойынша қылмыстық іс-материалдарынан алынған  дәлелдемелерді зерттеу нәтижесінде 2016 жылы Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын тұрғызу кезінде шешімді Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары қабылдағаны анықталды деп отыр.

Осылайша субұрқақты орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарды. Астана қаласының экономикалық тергеу департаменті «Солнце» субұрқағын құрастыру және орнату бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланғанын анықтады. Қазір маған тағылған айып бойынша сот жалғасуда және процесс аяқталуға жақын, - дейді күдікті. 

Еске салсақ, былтырғы қыркүйек айында Мажағұлов 2016 жылы елордада «Солнце» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген еді. Шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Оған  Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлігін иемдену немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айып тағылған. 
Бұл іс бойынша күдіктілер қатарында субұрқақты салған мердігер компаниялардың өкілдері де бар. Олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын мүлкі тәркіленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады". Антикор жаңа былықты анықтады
Бүгін, 20:47

"55 млрд теңге қаражат жемқорлардың қалтасына кете жаздады". Антикор жаңа былықты анықтады

Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 55,1 млрд теңге сомаға тендерлер артық бағаланып, оларға тосқауыл қойылған
Бұның салдарынан жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген
Ол өнерпаздар отбасында дүниеге келген
 «Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан» деп айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →