×

«Айтарым көп». Ақтаудағы ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты

Ол 10 күн бұрын қамауға алынған болатын.

«Айтарым көп». Ақтаудағы ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты
Фото: инстаграм Azamat Sarsenbayev

Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатын түсірген жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Ер адамның басынан не өтпейді!? Үйден 150 шақырым алыста 10 күн оқшау жатып, басымнан осы ой кетпеді. Шынымды айтсам, осылай болғанына да қуандым. Шыңдалдым, мықтырақ болып, өз ұстанымымды одан сайын бекемдедім. Айтарым көп, - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Айта кету керек, осыған дейін әуе апаты болған жерді дронмен түсірген блогер 10 тәулікке қамалғанын жазғанбыз. Полицияның ұстауына блогердің ұшақ апаты болған жерде рұқсатсыз фото, видео түсірілім жүргізгені, яғни әкімшілік құқық бұзғаны себеп болған.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлап, 38 адам қаза тапты. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан  17-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған
Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →