×

Атырауда полицей өртеніп жатқан көлікті дер кезінде сөндірді

Атырауда полицей өртеніп жатқан көлікті дер кезінде сөндірді
Фото: polisia.kz

Атырауда тәртіп сақшысы жанармай бекетінде өртенген көлікті дер кезінде сөндіріп, жарылыстың алдын алды. Оқиға бүгін 7 қаңтарда таңғы сағат 10:20 шамасында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Polisia.kz мәліметінше, қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкері Данияр Жәрдемғали түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан сәтте жанар-жағармай бекетінде Nissan автокөлігінің отқа оранғанын байқап қалған. Еш ойланбастан дереу әрекет етуге көшкен тәртіп сақшысы оттың жанармай бекетіне таралуын болдырмау үшін көлікті қауіпсіз жерге қарай сүйреп жеткізген. Кейін өрт сөндіру құралын пайдаланып, жалынды ауыздықтаған.

Полиция қызметкерінің шұғыл әрекетінің арқасында өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Кейін әлеуметтік желілерде автокөлік иесінің қауіптің алдын алып, өртті сөндірген полицейге алғыс білдірген видеосы тарады,-делінген ведомство мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
11.07.2025ж. 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →