Табыстың 90 пайызын салыққа бере алмаймыз
Қазақстанда айыппұлдар мөлшері халықтың табысына сәйкес келе ме деген сұраққа вице-премьер Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ол бүгінгі Үкімет отырысында журналистердің сұрағына жауап берген.
Сондықтан, айыппұл біздің табысымызға тура келе ме, жоқ па деген сұрақты қоймау керек. Меніңше, біз “заңды бұзбауымыз керек” деп сұрақ қою керек шығар. Біздің алға қойған мақсатымыз – заңды бұзып, айыппұлдың көлемін анықтау емес қой. Біздің айыппұлдар не үшін салынады? Біріншіден, қоғамдық қауіпсіздікті немесе жол қауіпсіздігін сақтау үшін, ұлттық қауіпсіздік сақтау үшін салынады. Егер осы мәселелер бойынша заңды тыңдайтын азамат болсақ, бізге ешкім ешқандай айыппұл салмайды. Айыппұл біздің табысымызға тура келу керек, келмеу деген мәселе дұрыс емес. Салыққа келер болсақ, ол біздің табысқа байланысты болады. Себебі табыстың 90 пайызын салыққа бере алмаймыз ғой. Өзіміз өсуіміз керек, – дейді Тамара Дүйсенова.
Осыған дейін біз 2025 жылы айыппұлдар мөлшері қалай өзгеретіні туралы жазған болатынбыз.