×

Метапневмовирусқа байланысты Қазақстан мектептерінде шектеу енгізіле ме

ДДСҰ алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізген

Метапневмовирусқа байланысты Қазақстан мектептерінде шектеу енгізіле ме
Ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда метапневмовирустың өршуіне байланысты мектептерде шектеулер енгізу жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еліміздің білім беру жүйесі кез келген сын-қатерге дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл – пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Барлық мектеп және колледждер мұндай жағдайларда ең керек деген құралдармен қамтамасыз етілген. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет деп ойлаймын. Егер шешім қабылданса, біз әрдайым қиындықтарға дайынбыз», –  деді Ғани Бейсембаев брифингте.

Осы ақпаратқа байланысты премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сұрау салғанын және алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.

«ДДСҰ бізге алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Бұл вирус ұзақ уақыттан бері елдерде айналымда жүр. Оны емдеу жолдары бар. Профилактикалық шараларды жүргізу қажет. Біз осыған сүйенеміз», –  деді вице-премьер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Кеше, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →