×

Ұлытау облысында бір жылдың бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша ұсталды

Ұлытау облысында бір жылдың бірнеше шенеунік жемқорлық бойынша ұсталды
Фото: freepik.com

Ұлытау облысында жемқорлық фактісі өршіп тұр. Бұл жолы  экология департаментінің басшысы 2,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 6 қаңтарда Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық экология департаментінің басшысы ұстады. Шенеунік экология саласындағы рұқсат құжаттарын бергені үшін кәсіпкерден 2,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында. 

8 қаңтарда ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
2024 жылғы 26 тамызда күдікті бизнесті қорғау жобасы аясында кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол кәсіпкерге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есеп беру туралы заңсыз талаптар қойған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, соңғы жыл бір жылдың ішінде өңірде ұсталып жатқан шенеунік көп. Облыстық мәдениет басқармасы басшысы мен Сәтбаев қаласының әкімі сотталып кетті. Тағы бірнеше басқарма басшысына қатысты тергеу жүргізілуде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Кеше, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →