Ол көлік басқару кезінде бірнеше жол ережелерін өрескел бұзған
Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті мәлімдеді.
“Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартқан.
“Жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзып, апатты жағдай туғызған, көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарған, көлік құралын пайдалану ережелерін сақтамаған және көлікті басқару кезінде ұялы телефон қолданған. Сондай-ақ ол пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушіге бірқатар әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрады. Сонымен қатар құқықбұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды”, – делінген Полиция департаменті хабарламасында.