×

Мүлкі 74 млн теңгеден асатындардың табыс көздері ашық болады

2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер  8 млн адамға жүктеледі

Мүлкі 74 млн теңгеден асатындардың табыс көздері ашық болады
Сурет: zakon.kz

   Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу кезең-кезеңімен іске асырылуда. Енді мүлкі 74 млн теңгеден асатындардың табыс көздері ашық болатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеп отыр.

“Бүгінгі таңда, үш кезең шеңберінде жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 млн.-нан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді. 2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды. Бұл шамамен 8 млн. адам, оның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар. Жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етіледі. Бірақ болашақта 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын (74 млн. теңге) мүлік сатып алынатын болса, шығыстарды жабу көздері туралы ақпарат ашылуға тиіс”, – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдемесінде.

Айта кетейік, азаматтарға негізінен ерікті түрде декларациялау құқығы беріліп отыр.

   

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚТУ-да Наурыз айшықты түрде аталып өтті: киіз үйлер, этно-дефиле және «Шашбау-пати» мерекеге келген қонақтарды біріктірді
Бүгін, 15:14

ШҚТУ-да Наурыз айшықты түрде аталып өтті: киіз үйлер, этно-дефиле және «Шашбау-пати» мерекеге келген қонақтарды біріктірді

Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →