×

«Алаш баласы рухани панасынан айырылды»: ақын-жазушылар Мағауин туралы естеліктерін бөлісіп жатыр

Жазушы Мұхтар Мағауин 85 жасына қараған шағында өмірден өтті

«Алаш баласы рухани панасынан айырылды»: ақын-жазушылар Мағауин туралы естеліктерін бөлісіп жатыр
Halyq-uni.kz

Бүгін қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин өмірден өтті. Артында өшпес мұра қалдырған жазушының қазасы қалың елі қазағына қатты батты. Осы ретте ізінен ерген әріптес ақын-жазушылар желіде көңіл айтып, естеліктерін бөлісіп жатыр, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Думан Рамазан:

Бақұл болыңыз аға! Ұлы қаламгер Мұхтар Мағауин фәни жалғаннан бақи дүниеге аттаныпты. Қазақ үшін орны толмас жоғалту, ауыр қаза.Тамыры тереңге тартқан, жапырағы кеңге жайылған Алып Бәйтерек құлады. Өмірінің соңына дейін балта сілтедік. Соны ойлап жаным жабырқап, кеудемді өксік қысып, өзегім өртеніп отыр. Рухы пейіштің төрінде шалқысын!

Ұларбек Дәлейұлы:

Алаш баласы рухани панасынан айырылды!

Алаш рухының асқақ жыршысы, бәйтерегінен көз жазып қалдық.

Біз жетім қалдық...

Қандай ауыр қаза!

Қандай ауыр хабар!

Серік Төлеубайұлы:

Қазаққа көңіл айтамын!

Мағауин бір дәуір еді!

Оны сипаттау қажет емес...

Мақтау да, мақтану да мүмкін болмас.

Жалғыз мәрте жолықтық.

Шешіліп сөйлестік.

Табынушылық салтымызда жоқ...

Іздемедік.

БІРАҚ ОЛ БІР ДӘУІР ЕДІ!

Ол сол ақ пен қарасы аралас шақтың сиясы болды!

Кейде сойып жазды.

Кейде жылап.

Ұлылығы мен уы аралас кезде ғұмыр кешті!

Хош, Аға!

Бақытбек Қадыр:

2019 жылы «Төртеудің хаты» деген хат жолдадық. Мен және Есбол, Досхан, Әлишер атынан. «Дауыс» жинағына алғыс сұрағанбыз. Жауапты көп кешіктірмей, қолма-қол қайтарды. «Мұхтар-Ата Мағауин» деп қол қойыпты соңына. Онда өзінен кейінгі ұрпақ, бүгінгі жаңа заман прозашыларына үлкен сенім білдірген хаты «Дауыс» жинағына шықты. 

Жуырда ең соңғы еңбегі «Алтын орданы» аяқтап қалған едім. Кеше сол алғыс-батасына рақметімді, 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, «Алтын орданы» оқып бітіргенімді айтып хат жазған едім, бірақ хат жетіп үлгермеді. Өкіншіт!

Бүгін таңғы 5-те тұрып «Алтын орданы» оқып отырғам. Ол сөз жоқ, ұлы жазушы, ең соңғы демі үзілерде де оның жазғаны оқылып жатты. Жаңа біреу «Алаштың тауы құлады» депті. «Абылай өлгенде де қазақтың шаңырағы ортасына түскен жоқ» дегендей, Мағауин магиясы мәңгі. Ол құлаған жоқ.

«Қазақ тарихының әліппесі», «Шыңғыс хан», «Алтын орда» қазақтың және күллі көшпелілілердің ерлік тарихы ғана емес, ұлттық жады. Сол қасиетті миссиясын орындап, ұлт алтындағы борышын өтеп кетті. Ғалымның қағазға түскен сиясы шахиттің қанымен тең деуші ме еді. Шахит кешті. Армансыз жазды. Қай заманда да ноқтаға басын имеді, бүгілмей кетті. Ол мәңгі асқақ рухтың символы болып қала береді.

Өзі жанындай сүйген Алаш жұртын жебеп жүрсін!

Өзі сүйген алып бабалар, сайырқыран баһадүрлер, өзі сүйген Тәңірі алдынан жарылқасын!

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2025 жылы декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер  8 млн адамға жүктеледі
Жоба 2025 жылғы 23 қаңтарға дейін жария талқылауға ұсынылып отыр
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →