×

АҚШ-та Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты

АҚШ-та Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды
Фото: azattyq.org

11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа Diyanet Center of America мешітінде оқылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, “Болашақ” бағдарламасымен оқып жатқан студенттер де бар.

Бұған қоса, жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты.

Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.

Жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда (АҚШ уақытымен 9 қаңтарда) 85-ке қараған шағында қайтыс болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →