×

Айтбек Амангелді Шерзат Болаттың әкесіне меценаттың қаржысына үй салынатынын хабарлады

Ол сондай-ақ Перизат Қайратқа қатысты іс туралы да сөз қозғады

Айтбек Амангелді Шерзат Болаттың әкесіне меценаттың қаржысына үй салынатынын хабарлады
Qaz365.kz

Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасына меценаттың берген қаржысына үй салынатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді айтты. Ол сондай-ақ миллиардтаған ақша жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың қорына қатысы жоқ екенін жеткізді.

Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды.Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз.Қазіргі уақытта пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болуда, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады.Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз, - дейді Айтбек Амангелді.

Еске салайық, Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Полаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Заңды сатып аламын» - Зайытов «Қазақмыс» басшылығын айыптады
Бүгін, 13:22

«Заңды сатып аламын» - Зайытов «Қазақмыс» басшылығын айыптады

Депутаттың сөзінше, "Қазақмыстың" мысалында Заң үстемдігін орнатуға мүмкіндік бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →