×

«Елдің бәрін ұрыстырамыз»: Ринат Зайытов көлікті бес минуттан артық қыздыру туралы айтты

Тұрмыстық шиеленістер, түсініспеушіліктер көбейіп кетеді

«Елдің бәрін ұрыстырамыз»: Ринат Зайытов көлікті бес минуттан артық қыздыру туралы айтты
Фото: parlam.kz

Тұрғын үйлердің ауласында көлігін бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады деген ақпарат соңғы күндері желіде қызу талқыланды. Осыған қатысты Мәжіліс кулуарында депутат Ринат Зайытов пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Бұл жерде бір қауіпті нәрсе бар: осындай әрекеттер яғни айту керексің, жеткізу керексің, біреу сені түсіріп алу керек дегендер қоғамға пайда бермейді. Халықтың қалтасына тигеннен бұрын адамдары араздастырады. Қажет емес. Ертең көршімен көрші ұрысады. Тұрмыстық шиеленістер, түсініспеушіліктер көбейіп кетеді, - дейді Ринат Зайытов.
 

Айта кетейік, заң бойынша, Қазақстанда қыс мезгілінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған адамдарға айыппұл салынуы керек. Бұл норманың қабылданғанына  20 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамда енді резонанс тудырып жатыр. 

Еске салсақ, жергілікті тұрғындар оталып тұрған көлікке шағымданса, көлік иесі жауапқа тартылуы мүмкін. Олар «Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Бүгін, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →