×

Армия мектебінен өткен адамның өзіндік артықшылығы бар − майор Артур Қасқарауов

Былтыр Астанадан 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау құрамасына арнайы қызмет етуге қырық сарбаз жіберілген

Армия мектебінен өткен адамның өзіндік артықшылығы бар − майор Артур Қасқарауов
Gov.kz

Бүгін Астанада бір жыл бұрын арнайы қызметке жіберілген әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алып, ресми запасқа шығарып жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жауынгерлер мен олардың туыстарын қарсы алу іс-шарасын елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйымдастырып жатыр.

Пойыздың Алматыдан Астанаға келуі ерекше салтанатқа толы болды. Перронда Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, "Жас сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен достары жиналды.

“Осыдан тура бір жыл бұрын елорданың осы теміржол вокзалынан 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау құрамасында қызмет етуге қырық сарбаз жібердік. Қарулы күштердің осындай мықты бөлімшесінде шымыр және жан-жақты жақсы дайындалған жастарды жинаймыз. Бұл олардың келешегіне жақсы жолдама. Армия мектебінен өткен адамның жұмысқа орналасуы да өзіндік артықшылығы барлығына нық сенімдімін”, – деп атап өтті Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Артур Қасқарауов.

"Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов осындай ұлдар тәрбиелеген сарбаздардың ата-аналарына ерекше алғысын білдірді.

“Біз Отан алдындағы борышын өтеген жігіттерді қарсы алдық. Әскерден қашатындардай емес, олар өскелең ұрпақ – үлгі. Әлемдегі жағдай, қаңтар оқиғасы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеу қажеттігін көрсетуде. Бізге нағыз патриоттар керек, онсыз Мәңгілік ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкін емес”, – деді ардагер.

Запасқа шығарылған әскери қызметшілерді әскери оркестрдің әуенімен сүйемелдеп қарсы алған теміржол бойы нағыз мерекелік сәтке айналды.

“Мен десанттық-шабуылдау батальонында граната атқыш маманы болып қызмет еттім. Бастапқыда ауыр болғаны рас, кейінірек бәріне үйрендім. Қызмет барысында парашютпен жеті рет секірдім”, – деді гвардия қатардағы жауынгері Бекзат Орынбасар.

Туыстары мен жақындары оның шымырланған сымбаты мен сенімінің  артқанына таң қалды. Әрине, бұл командирлердің, сержанттардың, нұсқаушылардың және сарбаздардың  жұмыстарының нәтижесі.

Әскерден келген сарбаз Әлішер Тастыбайдың әжесі шынайы қуанышымен бөлісті.

“Менің немерем Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет етті. Ол көп нәрсені үйреніп, парашютпен де секіруді меңгерді. Бөлім командиріне бізбен байланыс орнатқаны, жаңалықтарын айтуға мүмкіндік бергені үшін көп рахмет”, – деп басшылыққа ризашылығын білдірді Күлпан Шайсұлтанова.

Теміржол бойындағы осынау  оқиғаға куә болғандардың бәрі қуанышты еді. Түр-тұлғасы ерекшелеп тұратын көгілдір берет киген десантшыларға балалар қызыға қарады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →