×

Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды

Паблик авторы 17 қаңтарда ұсталған

Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
Qaznews24

Сенбі күні кешке сот Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Темірлан Еңсебекке тергеу барысында 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Естеріңізге сала кетейік, оны 174-бап бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» айыбымен соттамақшы. Біз бұл істің саяси астары бар деп есептейміз және Темірлан Еңсебекті дереу қамаудан босатуды талап етеміз», - деп жазды Qaznews24 паблигі өз парақшасында.

Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді.  Кеше оның үйіне тінту жүргізілген. Осыдан кейін Алматы қаласының полиция депарламенті «желіде ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын» хабарлады. 

Qaznews24 паблигі сатиралық саяси әзілдерімен танымал. 57,8 мың оқырманы бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Кеше, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →