×

Павлодарда 2 жастағы баланы өгей әкесі ұрып, бұғанасын сындырған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Павлодарда 2 жастағы баланы өгей әкесі ұрып, бұғанасын сындырған
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жайсыз жағдай орын алды. Өңір тұрғыны бірге тұратын әйел жұмысқа кеткен уақытта оның қызын ұрып-соққан. Салдарынан бала ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға болған кезде анасы жұмыста болған. Ол мертіккен баланы ауруханаға өзі әкелген. Бастапқыда қызым кереуеттен құлады деген. Дәрігер Сергей Самец баланы қарап, оны рентгенге жіберіпті. Сол кезде екі бұғанасы сынғаны анықталған. Одан бөлек, маңдайы көгеріп, ісіп кеткен. Бірақ келесі күні тағы келіп, ұрғанын мойындаған. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Анасынан не болғанын сұрағанымда, басқа балалармен ойнаған кезде беті көгергенін айтты. Екі жастағы бала үшін бұл – қалыпты жағдай. Себебі олар осы жаста жүріп, аяғын нық баса алмай құлап қалуы мүмкін.Баланың өзі әлі сөйлей қоймағандықтан, нақты не болғанын да айта алмайды, - дейді дәрігер Сергей Самец. 

Ауруханада балаға гипс салып, амбулаторлық ем қабылдау үшін үйіне жібереді. Ал екінші күні анасы мен қызы қайтадан дәрігерлерден көмек сұрай келді. Бұл жолы ұрып-соғудан кейінгі жарақаттарды белгілеу үшін көмекке жүгінді. 

Бұл жолы баланы басқа дәрігер қарады. Анасы оған баланы өгей әкесі ұрғанын айтқан екен. Жеке тәжірибеме сүйенсем, мұндай жарақатты екі жақтан қатты соққы алғанда не болмаса баланы лақтырып, содан құлағау салдарынан алуы мүмкін. Одан соң денсаулық толық қалпына келгенше кемінде үш апта керек, - дейді дәрігер. 

Енді ер адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдаған наиб-имам екені рас па? ҚМДБ жауап берді
Бүгін, 02:19

Қажылыққа бармақшы болған 180 адамды алдаған наиб-имам екені рас па? ҚМДБ жауап берді

Jazеra travel компаниясына қатысты даулы мәселе құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр
Үстеме бағалардың регрессивті шкаласы
Мемлекеттік награданы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады
Кейінгі кезде осы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →