×

Бала тууына және бала күтіміне байланысты қанша жәрдемақы төленетіні белгілі болды

2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген

Бала тууына және бала күтіміне байланысты қанша жәрдемақы төленетіні белгілі болды
Сурет: скриншот/ instagram/club28petel

2025 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен бала тууына және бала күтіміне байланысты қанша жәрдемақы төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы деректі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

“Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген”, – делінген министрлік ақпаратында.

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:

- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:

- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;

- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;

- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.

Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.

“2024 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 895,3 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 504,4 мың адам қамтылды. Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2024 жылы республикалық бюджеттен барлығы 64 млрд теңге сомаға 378,1 мың адам алды”, – делінген министрлік ақпаратында.

Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Magnum мен Small сауда желілері картоп бағасын төмендетті
Бүгін, 12:38

Magnum мен Small сауда желілері картоп бағасын төмендетті

Жыл басынан бері картоп бағасына қатысты 49 заң бұзушылық анықталған
Бұл жәрдемақыға 4 және одан да көп немесе 23 жасқа дейінгі студент балалары барлар табысына қарамастан үміткер бола алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →