×

Қуанышты жаңалық! Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады

Қуанышты жаңалық! Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады
СҚО прокуратурасы

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласының тұрғынына автокөлікті 5 минуттан артық жылытқаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Тексеру барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкері көлік тұрақ ережесін бұзу фактісі бойынша азаматқа айыппұл салғаны анықталды. Алайда әкімшілік іс жүргізу кезінде процестік қателіктерге жол берілгені және көлік жүргізушісінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтардың жоқ екені белгілі болды.

Петропавл қаласының прокуратурасы бұл шешімге наразылық білдіріп, полиция қызметкерлерінің әрекетін заңсыз деп таныды. Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылып, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл алынып тасталды.

Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың бәріне бас салып айыппұл салынбайтынын, әлдекімнен шағым түсіп, ол дәлелденсе ғана айыппұл қарастырылатынын жеткізген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды
Кеше, 21:27

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған
Іс-шара жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Эколог күніне орай ұйымдастырылады
Судья олардың әрекеттерінде қылмыстық белгі болуы мүмкін деп санайды. 
Сот оның қаржылық жағдайын әдейі төмендеткенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →