×

Шымкентте Ынтымақ-2 және Бозарық-1 тұрғын алаптары газдандырылды

Газдандыру аясында 6 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қол жеткізді

Шымкентте Ынтымақ-2 және Бозарық-1 тұрғын алаптары газдандырылды
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент халқына қолайлы жағдай жасап, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындармен бірге Ынтымақ-2 және Бозарық тұрғын алаптарын газға қосуға қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Газ құбырларының құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Аталған шағынаудандарды газдандыру аясында 6 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қол жеткізді. 

Қала әкімі халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету,  азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттар  екеніне тоқталды. 

«Елді мекендерді  жоспарлы газдандыру экологияны жақсартуда және орнықты дамытуда, қолайлы орта қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Табиғи газға қосылуды жеделдету үшін тұрғындар «Qazaqgaz Aimaq»АҚ-на өтінімдер мен құжаттарды ұсыну қажет.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Кеше, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →