×

«МӘМС жүйесі түбі тесілген қайық». Аймағамбетов елдегі денсаулық сақтау саласын сынады

«МӘМС жүйесі түбі тесілген қайық». Аймағамбетов елдегі денсаулық сақтау саласын сынады
Фото: gov.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов елдегі МӘМС жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзенде жүзіп келе жатқан бір қайықты елестетсеңіздер. Қайықтың түбі тесіліп, оған су жинала береді. Су тоқтар емес, ал қайықшы бұл тесікті жамаудың орнына қолына шелекті алып, сол суды сыртқа төгумен әлек. Әрине, бұл ештеңе бермейді. Су әрі қарай жинала береді, қайық әрі қарай бата береді. Міне, дәл осындай жағдай бүгін МӘМС жүйесінде орын алып жатыр. Мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына тек оның салдарымен ғана күрес жүріп жатыр. Жүйелі реформаның орнына уақытша шаралар, бастысы стратегиялық көзқарас жетіспейді. МӘМС-тің қазіргі моделі медицинаны халыққа қолжетімсіз етіп, шығынды көбейтіп, қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр,- дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол «МӘМС бойынша бес айлық сәбидің тісін қанқұрттан емдеген екен. Бес айында әлі тісі шықпаған баланың тісін қалай қанқұрттан емдеуге болады деп ашынды.

Бұдан да сорақы жағдай, басқа бір адамның 82 тісі емделген екен, соған қаражат төлесін деп қорға тиісті есеп берген. Тағы бір кейс: бір күнде бір адамға бір аурухана 32 қызмет көрсеттік деп есеп толтырған. Мұндай мысалдар өте көп. Неге? Өйткені МӘМС бойынша енгізілген қаржыландыру жүйесінің өзі артық қызмет көрсету  мен қосып жазуға итермелейді. Себебі қазір қаражат әр емделген жағдай үшін емес, әр қызмет үшін төленеді. Нормативтер жоқ, цифрландыру жоқ, ал клиникалық хаттамалар мен тиісті стандарттар бұлыңғыр, ашық емес, - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →