×

ҚМДБ күйеуге шығып, тегін өзгертетін әйелдерге қатысты пәтуа шығарды

ҚМДБ күйеуге шығып, тегін өзгертетін әйелдерге қатысты пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі «Тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің тегіне өтуі керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Діни басқарманың пәтуасына сәйкес, тұрмысқа шыққан әйел өз әкесінің атымен аталуы тиіс. Оны өзгерту – харам. Ал күйеуінің тегіне ауысуының оқасы жоқ, бірақ міндетті емес. Күйеуі де оны өз тегін алуға мәжбүрлеуі дұрыс емес.

Басқарма ғұламалары мұны Құран кітабындағы «Асыранды балаларыңды өз әкелерінің атымен атаңдар. Алланың құзырында ең дұрысы сол» деген аятпен түсіндірген. 

Осы аятты алға тартып кейбір ғалымдар тұрмысқа шыққан қызға күйеуінің тегіне өтуге тыйым салады. Ал кейбір ғалымдар әйелдің күйеуінің фамилиясына өту ғұрыпта қалыптасқан әрі елге таныту мақсаты болса оқасы жоқ дейді. Өйткені Құранда: «Нұхтың әйелі және Лұттың әйелі» деп әйелдерді күйеуінің атымен танытып тұр, – делінген ғұламалардың түсіндірмесінде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

2023 жылы Қазақстанда 120,8 мың неке тіркеліп, оның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған.
Әлеуметтік желіде танымал Айсұлтан Жақыпов банктен несие алған сәттен бастап өзіне бірден алаяқтар қоңырау шала бастағанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →