×

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тағы бір қызметке ие болды

Жаңа қызмет

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тағы бір қызметке ие болды
Фото: gov.kz

Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының президенті болып өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сайланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс басшысы облыстағы футбол қозғалысын жандандыруға және "Шахтер" ФК-ны премьер-лигаға қайтаруға көмектесетін міндеттерді алға қойған.

Сондай-ақ Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырған. Ол үшін Теміртау, Балқаш және Саран стадиондарының базасында "Шахтер" ФК филиалдары ашылады.

"Бұл футбол клубына өз спортшыларын тәрбиелеуге және әлеуеті жоғары ойыншыларды клуб академиясына іріктеуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирлер, сондай-ақ шахтер мен металлург күндері сияқты өңір үшін маңызды мерекелерге орайластырылған матчтар ұйымдастырылады. Бұл да жас дарынды футболшыларды іздеуге көмектеседі", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Қарағандыда УЕФА стандарттарына сәйкес заманауи стадион, жыл бойы жаттығуға арналған футбол манежін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл облыс орталығында бас стадионды және өңірдегі бірқатар қаладағы стадиондарды жаңғырту жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Кеше, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →