×

Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасайтындарға жаза қатаңдатылады

Жаңа нормалар осы жылы қабылданады

Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасайтындарға жаза қатаңдатылады
Фото: liter.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза қатаңдатылатынына уәде берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Медициналық қызметкерлер өз міндеттерін атқару кезінде оларға жасалған шабуылдар мен денсаулықтарына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормаларды бүгін Бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар қазіргі уақытта мемлекеттік келісуден өтіп жатыр, оларды Денсаулық сақтау министрлігі бастамаға алды", - деді Әлназарова Мәжілісте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, жаңа нормалар биыл қабылданады.

"Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бұл норманы бізбен бірге талқылап, қолдап отыр. Ойлаймын, осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкерлерге қатысты қандай да бір әрекет жасаған азаматтардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту болады", - деп толықтырды министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Бүгін, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →