×

«Әлеуметтік шығысқа – 18 трлн»: премьер-министр оның тиімділігіне күмән келтірді

Мемлекеттік органдар тарапынан бақылау әлсіз

«Әлеуметтік шығысқа – 18 трлн»: премьер-министр оның тиімділігіне күмән келтірді
Фото: ашық дереккөзден

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық қор ақшасын тек ірі инфрақұрылымдық жобаларға ғана жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұлттық қордың қаражаты, өзіңіз тапсырғаныңыздай, тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін ғана сұралатын болады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз. Субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп барады. Оның үстіне олардың нақты әсері есепке алынбайды. Оған қоса мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз», — деді премьер-министр.

Премьер-министр Бектенов кейінгі 3 жылда 2,2 трлн теңгелік 770 жобаның сметалық құны қымбаттағанын, оның күмән келтіретін тұстары бар екенін айтты.

«Республикалық және жергілікті бюджет шығыстарының жартысынан көбі — 18 трлн теңгеден астам сома әлеуметтік салаға бағытталып отыр. Ал, бұл шығындардың тиімділігіне қатысты үлкен сұрақ бар. 9 орталық және барлық жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік шығыстардың әкімшілері болып табылады. Бұл осы шығыстардың бөлшектеніп және оған бақылаудың босаңсып кетуіне алып келеді», — деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті
Бүгін, 19:46

Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті

Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты. 
Айтулы шара Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізіліп отыр
Әкім жастарды сабыр сақтап, қақтығыстардан аулақ болуға және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →