Fly Arysrtan ұшағы құстармен соқтығысып, салдарынан ұшақ қозғалтқышына көптеген зақым келген. Десе де ұшақ Астанаға аман-есен қона алды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qaz365.kz. хабарлайды.
Ұшақ жүйелері мен қозғалтқыштарының жұмысында ауытқулар болмағандықтан экипаж ұшуды жалғастырып, Астана қаласының әуежайына штаттық режимде қонды.
Ұшақ келгеннен кейін сол қозғалтқыштағы компрессор қалақшалары мен фюзеляжда көптеген зақымданулар анықталды, сондай-ақ құстардың қалдықтары қозғалтқышта және басқа жерлерде табылды. Орал әуежайында осындай оқиғаларды болдырмау мақсатында құстардың түрлерін анықтау үшін ДНК-тестілеуге жіберіледі, – деп мәлімдеді AirAstana баспасөз қызметі.
Air Astana компаниялар тобы авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндіретін құстармен соқтығысу қаупін азайтудың маңыздылығына баса назар аударады. Бұған таяуда басқа әуекомпаниялармен болған оқиғалар дәлел бола алады. Осыған байланысты әуекомпания Қазақстан әуежайларында жабайы табиғатты басқару бағдарламаларын жақсарту үшін халықаралық сарапшылармен белсенді ынтымақтастық жасайды. Бұл ретте елдегі мұндай оқыс оқиғалардың деңгейі, IATA деректері бойынша, әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі. 2024 жылы Air Astana компаниялар тобында 10 000 ұшуға құстармен соқтығысу көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 30% -ға өсіп, 203 оқиғаны құрады.
Air Astana әуежайларды ұшу қауіпсіздігі үшін қауіптерді тиімді төмендету үшін қоршаған ортаны бақылау мен басқаруды қоса алғанда, белсенді шараларды енгізуге шақырады-, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.