×

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры қанша қаражат жинағаны белгілі болды

«Қазақстан халқына» қоры 100-ден астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаға бастамашы болған

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры қанша қаражат жинағаны белгілі болды
Сурет: kazinform.kz

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры қанша қаражат жинағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Қордың 2024 жылғы қызметінің қорытындысы жайлы баяндады.

«Қазақстан халқына» қоры бірреттік көмек көрсету үшін ғана емес, ұзақ жылдар бойы назардан тыс қалған жүйелі мәселелерді шешу үшін құрылған. «Қазақстан халқына» қоры 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасының бастамашысы болды, оның 62-сі аяқталды. Оларды іске асыруға 240 млрд теңге бөлінді. Қор жалпы үш жылда Қор 252 млрд теңге қайырымдылық қаражат жинады, 3 жыл ішінде жалпы сомасы 186 млрд теңгеге, 2024 жылы 96,6 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді», –  деді Болат Жәмішев.

«Қазақстан халқына» қорының жобалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық білім беруді, денсаулық сақтау, оңалту, әлеуметтік қолдау, мәдениет, балаларға арналған және инклюзивті спортты дамыту үшін мүмкіндіктер жасауға, ТЖ кезінде көмек көрсетуге бағытталған. Қордың қайырымдылық жобалары Қазақстанның әр аймағында бар, ауылдарды, моно және шағын қалаларды қамтиды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлсай көлдері «Парктер шеруі - 2025»  табиғатты қорғау акциясын қорытындылады
Бүгін, 12:50

Көлсай көлдері «Парктер шеруі - 2025»  табиғатты қорғау акциясын қорытындылады

Биыл 19-шы рет өткізілген Парктер шеруіне Кеген ауданындағы 16 мектеп белсене қатысқан
Әр аудан бойынша өтініш қалдыру мекенжайлары нақтыланған
Алайда министрдің орынбасары әуелі сұрақ қоймақ болған журналист Бақытнұр Әлібайды итеріп жіберді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →