×

Қазақстанда бензинге шекті баға алып тасталды

Енді Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді

Қазақстанда бензинге шекті баға алып тасталды
Фото: egemen.kz

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын шекті мөлшерде ұстап тұрған бұйрықтардың күші жойылды. Тиісті құжатты Энергетика министрлігі жариялады, бұйрық 30 қаңтарда күшіне енеді. Бұдан былай жанар-жағармай сатушылар бағаны өзі белгілей алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанда бүгінге дейін бензин мен дизель отыны шекті бағамен сатылып келді, елдегі жанармай құю бекеттеріне белгіленген бағаны көтеруге тыйым салынған еді. Мысалы, АИ-92 маркалы бензиннің шегі литріне 245 теңге, ал жазғы дизель отыны 315 теңге шегінде болды.

Енді Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекет реттемейді. Қазақстанның Энергетика министрі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге баға шегін белгілейтін барлық бұйрықтың күшін жоятын нормативтік құқықтық актіге қол қойды. Тиісті құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі порталында жарияланды.

Ресми түрде бұйрық 2025 жылдың 30 қаңтарында, яғни ертең күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрлігі өкілдері жанар-жағармай материалдарының бағасына шектеуді алып тастау туралы шешімді қабылдауға басқа елдермен баға алшақтығы әсер етті деп түсіндірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде ауқымды үш ірі жобаның құрылысы басталды
Кеше, 18:25

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жобаның құрылысы басталды

Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда
Бұл нысан облыс әкімінің тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында салынған
Биыл қазақстандықтар арасында ұлтын өзгертуге өтініш бергендер саны артып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →