×

1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

Еліміздің барлық өңіріндегі бағасы бекітілді

1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті
Фото: pixabay.com

Бүгіннен бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен қосылған құн салығын қоса есептегендегі автомобиль газының еліміздің барлық өңіріндегі бағасы төмендегідей бекітілді.

• Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);
• Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);
• Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған);
• Ақтөбе және Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
• Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
• Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 70 теңге;
• Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
• Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
• ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында — 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге.

Министр Сәтқалиев бұған дейін ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін айтқан.

Ал сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірген. Былтыр баға диапазоны 54-55 теңге болса, биыл 59-90 теңге арасында болады. Ол өңірлерге байланысты қалыптасады. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады.

Сондай-ақ елімізден бензин және дизель отынын шығаруға тыйым салынды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді
Кеше, 16:11

LRT-да жол жүру ақысы қанша теңге болады – Астана әкімі жауап берді

Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді
Соңғы үш жылда Алматы қаласында 650 шақырым жол жөнделіп, 100 шақырым жаңа жол салынды
Жергілікті білім беру ұйымдары ата-аналарды жеткілікті түрде хабардар етпей, құқықтары бұзылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →