Заңбұзушылықтар жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясына» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәсіпорынға 3 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының және метрология саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауға қатысты болды.
Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында №1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында 100 мл -ге аз толтырылған. Бұл стандарттарды бұзу болып саналады,- делінген ведомство хабарламасында.
Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) "Газпромнефть-Қазақстан операциялық компания" ЖШС №132 ЖЖҚС-ға жіберуді бақылау белгіленген тәртіппен сенім білдірілген және 2025 жылғы 24 сәуірге дейін қолданыста болған М2р-20 металл эталондық өлшеуішті пайдалана отырып жүзеге асырылды.
ҚР Энергетика министрінің бұйрығы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен белгіленген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесіне сәйкес жанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің шекті рұқсат етілген қателігі ±4% құрайды.