×

Астананың іргесінде су тасқынына қарсы бөгет салынып жатыр

Астананың іргесінде су тасқынына қарсы бөгет салынып жатыр
Ақмола облысының әкімдігі

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су басу қаупі бар үш шағын ауданның тұрғын алабында бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінгі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалды. Қорғаныс құрылғысының ұзындығы 6 шақырымнан асады, биіктігі жер бедеріне байланысты 2 метрден 5,3 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көлік пен мал айдауға арналған үш өткел салынбақ, - делінген облыс әкімдігінің хабарламада.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Джанет Микишевтің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады. Бірінші кезең – бөгеттің негізгі бөлігін және өткелдерді салу – су тасқыны кезеңіне дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта аумақ бұталардан тазартылып, құнарлы топырақ қабаты алынып, инертті материалдар жеткізілуде.

Жұмысқа 63 техника жұмылдырылған, олардың ішінде самосвалдар, бульдозерлер, катоктар, автогрейдерлер бар. Жоба «Демеу Қазақстан қоры» қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда 68 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен
Бүгін, 10:47

Павлодарда 68 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен

Бұған дейін ол ешқашан жоғалып көрмеген
Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →