×

Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?

Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты

Тұтынушы тауарды қайтарғанда ақшасын қалай ала алады?
Фото: gov.kz

Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар:

  • тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;
  • тауарды сатып алған күннен бастап 14 күнде қайтару.

Егер тауарда ақау болмай, тұтынушыға оның түсі немесе функционалы ұнамаса, сатушы сатып алушыға тауарды айырбастап немесе ақшасын қайтарып беруге міндетті. Сондай-ақ айырбастайтын тауар болмаса, сатушы күнтізбелік он күнде айырбастап беруіне болады.

Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты. Қолма-қол ақшамен төлесеңіз, тауар ақшасы бірден кассада қайтарылады. Картамен төлеген жағдайда, қаражат белгілі бір уақыттан соң қайта картаңызға түседі. Осы орайда, ескеретін жайт – қайтаратын тауардың қолданылмаған болуы.

Бірақ қайтаруға жатпайтын тауарлар да болады. Олар: дәрі-дәрмектер, шұлық бұйымдары, іш киімдер, метражбен сатылатын тауарлар, өсімдіктер мен жануарлар, ұялы телефондар.

Есте сақтаңыз!

Әсіресе қымбат тауарды сатып алған уақытта өзіңізді тауармен бірге сол дүкенде суретке түсіргеніңіз жөн. Себебі дүкенде суретке түсуге тыйым салынбайды. Ал сіз сол сурет арқылы түбіртекті жоғалтқан немесе түбіртек берілмеген жағдайда дүкеннен тауар алғаныңызды дәлелдей аласыз.
Сақтық үшін сатып алған тауар түбіртегін, қаптамасын және құжатын кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанша сақтаған абзал.

Егер тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат, А-блок, 4-қабат, 427-бөлме, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да жылу энергетикасындағы инновациялар талқыланды
Бүгін, 19:52

ШҚО-да жылу энергетикасындағы инновациялар талқыланды

Өңірдің экологиялық-географиялық атласы ұсынылды
Қазақ төбеті – қазақтың ұлттық тұқымды иттері, олар ежелден үй жануарларын қорғауға пайдаланылған
Сараптаманың егжей-тегжейіне жеке тоқталған жөн
Тауар сатып алуда білу маңызды кеңес

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →