×

“Қазақмыс“ Назарбаевқа ұшақ сатып алғаны рас па – корпорация шұғыл мәлімдеме жасады

Бұған дейін желіде түрлі ақпарат тараған болатын

“Қазақмыс“ Назарбаевқа ұшақ сатып алғаны рас па – корпорация шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: nazarbayev.kz

"Қазақмыс" "Корпорация экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алып берді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген хабардың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - делінген мәлімдемеде.

"Қазақмыс" корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әпермегенін мәлімдеді.

"Әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты. Мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз", - деп хабарлады корпорация.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Кеше, 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →