×

Қазақстанға 2,07 млрд доллар құйған USAID ұйымы елдегі жұмысын тоқтатты

Қазақстанға 2,07 млрд доллар құйған USAID ұйымы елдегі жұмысын тоқтатты

7 ақпанда АҚШ Халықаралық Даму агенттігіне жұмысқа алынған қызметкерлер әлем бойынша әкімшілік демалысқа жіберіледі,деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұған дейін Дональд Трамп бағдарламаларын 3 айға тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған еді. Ал 1 ақпаннан бастап ұйымның веб-сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттары жабылған. Сондай-ақ агенттіктің мыңнан астам қызметкері себепсіз жұмыстан шығарылып, демалысқа жіберілген еді.
Өйткені күмәнді шығындары көбейіп кеткен. АҚШ әкімшілігі мұндай шығындар ондаған жылдар бойы болып келе жатқанын айтты. Жүздеген миллион доллар күмәнді жобаларға жұмсалған.

Оншақты жылдар бойы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) салық төлеушілерге есеп бермеді, өйткені ол бюрократтардың берекетсіз және көп жағдайда зиянды жобаларына үлкен көлемде ақша құйды, олар іс жүзінде қадағаланбады, - деп мәлімдеді Ақ үй. 

USAID-тың сөзінше, олар Қазақстанды тәуелсіздік алғаннан бері қолдап келеді. Осы кезге қаражат азаматтық қоғамды қолдауға, жергілікті басқаруды дамытуға, жаңартылатын энергетика мен цифрлық қызметтерге жұмсалды.

Қазақстанда USAID заң үстемдігін нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды белсенді түрде қолдады. Оның ішінде БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ЛГБТ құқықтары мен гендерлік теңдікпен айналысатын ұйымдар болды.

2001-2024 жылдар аралығында Қазақстанға берілген қаржыландырудың жалпы көлемі – шамамен 2,07 млрд доллар (1 триллион 34 миллиард теңге).

2024 жылдың аяғында USAID Қазақстанда 27 жобаны – 15 аймақтық және 12 елдік жобаны жүзеге асырды

Caravan.kz сайтының жазуынша, «Феминита»  қозғалысының жетекшілері Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан 160 млн теңгеден астам ақша алған.

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов АҚШ-тың USAID агентігі қандай жобаларды қаржыландырғанын тексеруді ұсынды. Депутаттың пайымынша, Алматыда өткен «әйелдер маршы да» аталған агенттіктің жұмысы. Сондықтан шетелдік демеушілер бөлетін қаржыға аудит жүргізіп, барлық есеп-қисабын жариялауды, мұндай зиянды жобалардан балаларды қорғайтын арнаулы заң жобасын әзірлеуді ұсынып отыр.

Қандай қаражат кімге, қайда және қандай мақсатқа бөлінетіндігін, оларды кім алатындығын және елімізде қандай жобаларды жүзеге асыратындығын анықтау қажет деп санаймыз. Өйткені белгілі бір ұранмен кейбір топтардың белсенділігі байқалады. Бірақ бұл – жергілікті қоғамның тарапынан емес, сырттың ықпалымен, оның ішінде сырттай қаржылық қолдаудан туындап отырған бастама, - дейді депутат.

USAID-тің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы жобалары:

«Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» — 6,9 млн доллар. «Еуразия Орталық Азия» қоғамдық қоры (ОАЕҚ) іске асырумен айналысатын жоба Қазақстан мен Тәжікстандағы ҮЕҰ-ны қолдауға бағытталған.

«Қатысушы басқару — бөлінген жауапкершілік» — Павлодар облысында, Жетісу облысында, Ұлытау облысында және БҚО-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін 2024 жылғы ақпанда іске қосылған төрт жылдық жоба.

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы-құны 18 млн доллар тұратын азаматтық институттарды дамыту жөніндегі бес жылдық жоба.

Жаңартылатын энергия көздері — USAID ЖЭК-ті Қазақстанның энергожүйесіне интеграциялау жөніндегі жобаларға 39 млн доллар салды.

Цифрлық технологиялар және компьютерлік сервистер — агенттік цифрландыру саласында мемлекеттік органдармен ынтымақтасады.

Қазақстан жастарын зерттеу және жастардың әлеуметтік мінез-құлқы мен қалауын талдау бойынша зерттеу жобасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →