×

«Қаңтарда» әкесінен, апатта анасынан айырылған жетім балаларға 18 жасына дейін 100 мың теңгеден беріледі

Төлем балалар кәмелет жасқа толғанша жалғасады

«Қаңтарда» әкесінен, апатта анасынан айырылған жетім балаларға 18 жасына дейін 100 мың теңгеден беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Ақшаны Qazaq Stroy компаниясы бөледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қапелімде ата-анадан айырылып, жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде Qazaq Stroy ұжымы қайғыдан шет қала алмады. Балаларының жағдайын жасаймын деп ақтық демі қалғанша арпалысып өткен Сая Есенгелдінің оқиғасы біздің де жанымызға батады. Қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсете білсек — ұлт ретінде мықтылығымыздың белгісі. Ауыр қайғыға душар болған балалар баспанасыз қалмасын дейміз. Отбасыға 95 шаршы метр болатын үш бөлмелі кең пәтерді сыйға тартуды шештік. Балалардың өз үйім деп қысылмай кіре алатын жылы, сенімді шаңырағы бар», - деп ақпарат таратты компания.

Qazaq Stroy иесі Нұрлан Артықбаев балалардың әрқайсысына ай сайын 100 000 теңгеден төлеп отыруға шешім қабылдаған. Бұл олар кәмелет жасқа толғанша жалғасады. Бұл жай материалдық көмек емес, оларға қарайласар қамқор жандар екенінің белгісі болсын.

«Осы оқиғаны білгенде бұған бей-жай қарай алмайтынымызды түсіндік. Біз балаларға ата-анасын қайтарып бере алмаймыз, бірақ оларға қорған бола аламыз. Біз жетімін жылатпаған халықпыз. Осы үй балалар үшін береке мен үміт мекеніне айналсын, ал біздің көмек — әлемде жақсы адамдар бар екенінің белгісі болсын», — деді Нұрлан Артықбаев.

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалған. Сая бүгін жер қойнына тапсырылған.

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың айтуынша, Сая жол апатынан 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында қайтыс болған. Әдетте, ол күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, балаларын асырауға тырысқан.

Ата-анасынсыз қалған балалардың болашақ тағдыры не болары әлі белгісіз. Айтуларынша, олардың тәтесі (Саяның әпкесі) бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары халықаралық жарыстан елге оралды
Бүгін, 23:25

Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары халықаралық жарыстан елге оралды

Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →