×

Қазақстанда нотариустардың қызметі 28% қымбаттады

Қазақстандықтардың шығыны өсіп жатыр

Қазақстанда нотариустардың қызметі 28% қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Соңғы үш жылда нотариустардың қызметі 28%-ға қымбаттады. Мамандар бұл- АЕК көлемінің көтерілуімен тікелей байланысты дейді. Бірыңғай тариф 2012 жылы енгізілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірақ соған қарамастан қазақстандықтардың шығыны өсіп жатыр.

Мысалы 2022 жылы АЕК елімізде 3 063 теңге болды. Бір жыл өткен соң 3 450 теңгеге жетті. Ал былтыр 3 692, биыл 3 932 теңгеге тұрақтады.

Qazaqstan.tv мәліметінше, заңды тұлғалар үшін қызметтердің құны 50-70%-ға, кейбір қызмет түрлері екі есе қымбаттаған. Кей қызмет құны қала мен ауылға әртүрлі.

Мысалы қаладан үй сатып алсаңыз нотариусқа 19 660 теңге, баж салығына 27 524 теңге төлейсіз. Барлығы 47 184 теңге болады. Ауылда бұл қызмет 10 616 теңге тұрады.

Мәселен сіз жылжымайтын мүлікті туысыңыздың атына аударсаңыз, екі есе арзанға түседі. Қалада қызмет 27 524, ал ауылда 5 898 теңге болады.

Соңғы 3 жылдағы АЕК:

  • 2022 жылы – 3 063 теңге
  • 2023 жылы – 3 450 теңге
  • 2024 жылы – 3 692 теңге
  • 2025 жылы – 3 932 теңге

Қаладан үй сатып алсаңыз – 19 660 теңге / баж салығына 27 524 теңге / 47 184 теңге

Ауылда үй сатып алсаңыз – 10 616 теңге

Жылжымайтын мүлікті басқаның атына аударсаңыз:

  • Қалада – 27 524 теңге
  • Ауылда 5 898 теңге

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
Кеше, 16:33

Қазақстанда Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді
Тақырыптық киіз үйлер тігілді, әрбір үй тарихи тұлғалар мен маңызды оқиғалар жайлы сыр шертті
Биылғы қыркүйек айында LRT тестілік режимде іске қосылады
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →