Қай салада маман тапшы?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер елде қай сала қызметкерлеріне ең көп жалақы ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жұмыс берушілер орташа жалақының ең жоғары мөлшерін ізденушілер арасынан:
Ал жұмыс іздеушілер арасынан ең жоғары жалақыны:
Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.
Министрлік мәліметінше, білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.
Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды. Олар жалпы электрондық еңбек биржасында 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.