Депутат ұсыныс жасады
Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізу ұсынылды. Тиісті бастаманы Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Депутаттың сөзінше, кейбіреулердің безбүйректік танытуынан 2 және 3-топтағы кемтар балаларды қолдау болмай отыр. Ол депутаттық сауалында ақыл-есі кем азаматтардың қамқоршыларына байланысты мәселені көтерді.
"Әрекетке қабілетсіз немесе ақыл-есі кем адамдардың құқығын қорғауды заңды өкілі, яғни 18 жастан асқанда сотпен белгіленген қамқоршы қамтамасыз етеді. Иә, 18 жасқа дейін жәрдемақы балаға да, қамқоршыға да төленеді. Бірақ одан кейін де ол - анасы үшін бәрібір бала, ол 18-ден асқасын ақыл-есі дұрысталып, керемет болып кетпейді. Әрбір ана баласы үшін тегін де қарай алады, соңғы демі қалғанша күте де алады. Алайда жәрдемақы 2-ші, 3-ші топтар қамқоршыларына берілмейді. Психикалық ауруы болса, психотроптық дәрі-дәрмегін, күнделікті қажет заттарын, ас-суын алуға бөлінген жәрдемақы жеткіліксіз", - деді ол.
Таңсәуле Серіков өзіне осы тектес өтініштердің бірнешеуі түскенін мәлімдеді.
"Жалғызбасты ана ауылдық жерде ақыл-есі кем баланы бағып, оған қамқоршылық жасап отыр. Жаңа айтқанымдай, қамқоршыға ешқандай ақы төленбейді. Ол баланы қасында қарап отырмаса, басқа адамдарға зиянын тигізуі, үйді өртеп жіберуі немесе өзге түгілі өзіне де қауіп төндіруі әбден мүмкін. Міне осындай баланы бақылап, қамқоршы болып отырған ана ешқандай да ақы алмайды. Қаржы жетіспеушілігінен анасы бір жерге жалынып, еден жуушы болса, екінші жерге өтініп аула сыпырушы болып, екі жұмыс істейді екен. Еден жуушының жалақысын баласына уақытша қарап отырған адамға төлесе, аула сыпырушының 45 мың еңбек ақысына балаға дәрі-дәрмек алады және қалаға емге барып-келуге таксиге 10 мың теңгеден төлейді екен", - деді ол.
Мәжіліс депутаты ақыл-есінде кемшілігі барлар, оның ішінде аутизм, алигрофен, даун синдромына шалдыққандар көп екенін жеткізді.
"1-ші топ мүгедектеріне жәрдемақы берілгенімен, 2 және 3-топтағылар қалыс қалып отыр. Сондықтан мүмкіндігінше 1-топқа өткізу керек және 2, 3-топ мүгедектерін инватсаксимен қамтамасыз ету қажет", - деді ол.
Депутат бұл бағытта мынадай ұсыныс жасады:
Денсаулық сақтау министрлігінің деректерінше, Қазақстанда мінез-құлық бұзылыстары мен психикалық жағдайы бар 200 мыңға тарта адам тіркелген. Психологиялық ауытқуы бар ересектер саны 2024 жылы 1705 адамға өскен. Ақыл-есі кем балалар саны 3955 балаға ұлғайған. Яғни бүгінде 27286 бала бар.