Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.
«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.
Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.
Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.
Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.