×

«53,3 млрд теңге».Табысын өтірік көрсеткен 600-ге жуық блогерге 30 күн уақыт берілді

«53,3 млрд теңге».Табысын өтірік көрсеткен 600-ге жуық блогерге 30 күн уақыт берілді
Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.     

Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 миллиард теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, - делінген ақпаратта.

Соның нәтижесінде биылғы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, – делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.

Бұған дейін блогер  Әлішер Елікбаев салық органдарынан хат келгенін, онда өте көп сома жазылғанын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр
Бүгін, 17:23

Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр

Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.
Ата-аналар комитетінің өкілдері 901 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтару туралы талапты толық қолдайтындарын айтты.
Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →