×

Пітір садақаның биылғы мөлшері белгілі болды

Пітір садақаның биылғы мөлшері белгілі болды
Фото Depositphotos.com

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

2025 жылы Қазақстанда пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына теңге, яғни, 655 теңге. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күнін бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекіді, -делінген  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Пітір садақаның мөлшері бидай немесе ұн және мейізден жарты сағ (2 кг), ал арпа мен құрмадан бір сағ (4 кг), яки осылардың ақшалай құны беріледі.

Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді
Бүгін, 14:16

Алматы облысында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтеді

Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады
2025 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 миллион 510 мың зейнеткер бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →