×

Рамазан – 2025: Пітір садақа мөлшері белгілі болды

Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29-наурызда аяқталады

Рамазан – 2025: Пітір садақа мөлшері белгілі болды
Сурет: Nege.kz

Мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

“Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді”, – делінген ҚМДБ хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Рамазан-2025 жылға арналған Қазақстанның барлық өңірлерінің ауыз бекіті және ауыз ашу кестесін жариялаған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді
Кеше, 14:39

Шымкентте Тазару күнінде бір мыңнан астам түп ағаш егілді

«Бір тал кессең, он тал ек» деген акция ұйымдастырылды
Шара аясында 150-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылды
Шаралар легі орталық алаңда театрландырылған қойылыммен басталды
Ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихымызды дәріптейтін көрмелер қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →