×

«Заңды сатып аламын» - Зайытов «Қазақмыс» басшылығын айыптады

Депутаттың сөзінше, "Қазақмыстың" мысалында Заң үстемдігін орнатуға мүмкіндік бар

«Заңды сатып аламын» - Зайытов «Қазақмыс» басшылығын айыптады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов құзырлы органдар «Қазақмыс»  басшылығын жауапқа тарта алмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақмыстың басшысы Ким орындаушы да, ал негізгі қожайыны Назарбаев болуы мүмкін деген пікір бар. Сіз қалай ойлайсыз?» деп сұрады тілші депутаттан.

«Мен де сол пікірдемін. Назарбаев әулеті 30 жылда барлық мекемеге қол салып үлгерді. Өз адамдарын қойып, жүргізе алғандарын жүргізді, жүргізе алмағандарын жапты», - дейді Зайытов.

Депутат жеті кеншінің өліміне жауаптылар қандай жауапкершілікке тартылуы керек екенін және Қазақстанның құзырлы органдары «Қазақмыс» басшылығын жауапқа тарта алмайтынын айтты.

«Ол жаза деңгейіне байланысты беріледі. Тек қана «Қазақмыстың» басшылығының кінәсі емес, соны қадаламаған биліктің өкілдерінің де кінәсі бар. Тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген әуелі компания басшылығы, содан соған жауап беретін тұлға жазалануы керек. «Қазақмыс» басшысын жауапқа тартады деп ойламаймын. Өйткені, біздің қоғамда ақшасы бар адамдар үстемдік құрғанда Заңның өзін, әділдікті сатып алатын адамдар барда, олай болады деп ойламаймын. Өткенде маған бір өтініш түсті. Өзге мемлекеттің азаматы қазақтың бір жігітінің өндірісін, техникаларын тартып алған. Содан ол сотқа берген. Ал шетелдік «мен сенің Заңыңды да, сотыңды да сатып аламын» деген екен. Шетел азаматтары осылай айтып жатса, бұл жақсылық емес. Қазір Қазақмыстың мысалында мүмкіндік бар ғой. Шынымен бізде осындай Заңның үстемдігін, әділдікті көрсететін мүмкіндік бар, егер көрсетем деген адам болса...» - дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген
Кеше, 10:14

Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

Тексеру барысында 451 азамат тұрғын үйді жалға алу шарттарын бұзғаны белгілі болды
Мерекенің шарықтау шегінде жастар «Той жыры» әнін тірі дауыста бірге шырқап, ұлттық музыканың терең тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →