×

Батыс Қазақстан облысында шетелдік дрон құлады

Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр

Батыс Қазақстан облысында шетелдік дрон құлады
Фото: Mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының шетінде құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты.

Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Анықталғандай, бұл құрылғы француздық «Sagem» компаниясы жасаған «Crecerelle» барлау дронына қатты ұқсайды.

Қазіргі уақытта БПЛА Қазақстанның әскери қызметкерлеріне тапсырылып, облыс орталығы – Орал қаласында сақталуда.

Бөкейордасы ауданының аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі жалға алған "Капустин Яр" әскери полигоны бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр
Кеше, 18:06

Ғалымжан Жақиянов марқұм досының енді әйелімен соттасып жатыр

Төленге қарсы «алаяқтық» бабы бойынша арыз түсірген.
Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.
Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.
Шамамен 200 адам қаржы пирамидасының құрбанына айналған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →