×

«Байғұс кедей-кепшікте несі бар» - Зайытов ҚҚС-ны көтермей-ақ бюджет толтырудың жолдарын айтты

Депутаттың сөзінше, ел экономикасына түскен сызат - білімсіз, жүрексіз, ұры-қары шенеуніктердің әрекеті

«Байғұс кедей-кепшікте несі бар» - Зайытов ҚҚС-ны көтермей-ақ бюджет толтырудың жолдарын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қосымша құн салығын көтермей-ақ бюджетті толтыруға болатын мүмкіндіктер барын ORDA LIFE арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ринат Зайытов ел экономикасында қандай-да бір сызат болатын болса, ол – халықтың не әлемдік дағдарыстың кінәсі емес, бірінші кезекте білімсіз, әрекетсіз, жүрексіз шенеуніктер мен солардың айналасына топтасқан ұры-қарылардың отыз жыл істелінген әрекеті екенін айтады.

«Ойбай, бюджет жетпейді дейді. Мәжілісте бюджет тапшылығы деп айтамыз. Бірақ халықтың қалтасына түспей, оны толтырудың түрлі жолын ұсынып отырған депутаттар бар. Оны қабылдап жатқан Үкімет жоқ. Біз қазір Кеден одағы және басқасы бар, көршілес Ресейдегі жағдайларға байланысты бізде айналым көбейді. Ал түсім соңғы жылдардағы мәліметтерге қарағанда әлдеқайда азайған. Ақша қайда кетіп жатыр? Оны кім қадағалайды? Неге біздің Кедендегі сұрақты бір-екі адам ғана шешу керек. Неге ол жерде кеденшілер сондай дәрменсіз. Ақшаның бәрі сыртқа кетіп жатыр. Бұл – бір. Екінші, ұрланған активтерді қайтару бойынша қазір кім қанша қайтарды? Шынымен қайтарып жатса, неге сол кездегі жемқорлар әлі тайраңдап жүр? Олар неге сотталмайды, ештеңе қайтармайды? Демек, бұл мемлекеттің мүлкі ханталапай болып жатыр ғой. Үшіншіден, өткенде Қаржы мониторинг агенттігіне шағымдандым. Дубай қаласының өзінде 1800 қазақта 3000 пәтері бар екен. «Азаттық» радиосын зерттеуін көрдік. Бір пәтердің орташа бағасы –  500 млн теңге. Ол 3000 пәтердің 500-і адал алынған делік. Қалғанына неге сұрау салмаймыз. Бәрі сол шенеуніктің туысы. Қайдан алғанын сұрау қиын ба? Ол бюджетті толтырмай ма?», - дейді депутат.

Сондай-ақ ол субсидиялардың қайда кетіп жатқанына, құзырлы органдардың жауапсыздығына тоқталды.

«Халық Қытайдың миллиондаған тауарына өтірік қазақша жазу жабыстырып жатқанын бәрі көріп отыр. Оған істеп отырған адамдардың да қатысы бар. Енді субсидияларды алып қарайық. Ол субсидиялар қайда кетіп жатыр. Қаншама бердік. Неге толтырмаймыз? Банктерге келсек. Қаншама жауапсыз банк бар. Бәрі алды. Сол ақшаның қайда кеткен тарихын білмейміз. Осыны уәкілетті органдар ана көшеде плакат ұстап жүрген байғұс кедей-кепшік, жылғызбасты, көпбалалы аналар, жетім-жесірді аңдып, қолын қайырып қамағанша, осымен неге айналыспайды?..Неге осымен бюджет толтырмайды. Мұның да жауабын бермейді. Олай болса, бюджет жетіспейді деп президентке өтірік есеп бермесін», - дейді ашына сөйлеген Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Кеше, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →